Қаңтар оқиғасында жесір қалған әйел жол апатынан көз жұмды. Алматыда төрт бала жетім қалды

Фото: Азаттық

ЖАҢАЛЫҚТАР
1796

Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Еркебұлан Сыдықбаевтың әйелі жол апатынан көз жұмып, артвнда төрт бала жетім қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Журналист Лұқпан Ахмедяровтың жазуынша, Еркебұлан Сыбықбаевтың әйелі Сая Есенгелді такси болып жүріп, жол апатына ұшыраған. Оның төрт баласына анасы қарасқан. 4 ақпанда Алматы-Бішкек тас жолында жол апатынан 3 адам қаза тапқан болатын. Сая сол кезде көз жұмды. 

Лұқпан Ахмедяровтың Сая балаларын асырау үшін күндіз курьер, түнде такси жүргізушісі болып, тірліктің ауырлығын көрген. Әкімдік әйелге баспана алып беруге көмектесеміз деп уәде бергенімен, онысын орындамаған. Керісінше, әкімдік өкілі “үй сұрамасын” деп қорқытқаны туралы да ақпарат тарап жатыр. Блогер Айжан Хамит Бас прокуратурадан жесір әйелге қоқан-лоқы жасап, бопсалаған әкімдік өкілін жазаға тартуын талап еткен. Алматы әкімдігі жазбаны өшіруін сұрап марқұмның отбасына қысым көрсеткен көрінеді. Бірақ блогер жазбасын өшірмейтінін айтқан.

Төрт бала Саяның әпкесінің тәрбиесіне алынады деген де мәлімет бар. Бірақ оның жеке баспанасы жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...