Бокс федерациясының президенті Бекзат Саттархановтың анасына құрмет көрсетті

ашық дереккөзден алынған

Қоғам
1989

Жақында журналист Азамат Әбілқайырдың «Бекзат Саттарханов кім?» кітабы жарық көрді, деп хабарлады madeniportal.kz.

Аталмыш туынды көптің қызығушылығын тудырған. Автордың айтуынша, «Бекзат Саттарханов кім?» кітабы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шаһмұрат Мүтәліптің қолына тиген. Ал ол шығарма жайлы жылы пікірін білдіріп, міндетті түрде оқып шығатынын айтқан. Сондай-ақ даңқты боксшының анасы Сырлыкүл Саттархановамен кездесіп, құрмет көрсеткен.

«Осы кездесуде Сырлыкүл Саттарханова апаны да қабылдағанын айта кетуім керек. Апа дәрігер ғой. Бекзаттың жетістігінің артында анамыздың ұшан-теңіз еңбегі жатыр. Чемпионды тәрбиелеуде ата-ана нені білу керек, бапкер нені ескеру керек деген секілді құнды кеңестерімен бөлісті. Айтқандарына түртіп алып, салада жүргізіп жатқан реформаларына кірістіремін деп уәде берді. Шаһмұрат мырза өте қарапайым екен. Алып-ұшып, асты-үстіне түсіп жатыр. Сырлыкүл апаға құрметін білдіріп, сыйлығын да табыстады. Анамыз ақ батасын беріп, аналық тілегін айтып, қатты риза болды», - деп жазды Азамат Әбілқайыр әлеуметтік желіде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі өнер иесі Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында елмен сүйінші жаңалығын бөлісіп, қуан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...