Астанадағы LRT құрылысы маңында асылып тұрған ер адам табылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2876

Астанадағы LRT құрылысына асылып тұрған ер адамның видеосы тарады, деп хабарлады madeniportal.kz Азаттық рухына сілтеме жасап.

Қорқынышты видео қазір қаладағы мектеп чаттарында таралып жатыр. Сұмдық оқиға елордадағы 73 мектептің маңында, Нәжімеденов көшесінде болған. Ақ футболка, қала шалбар киген ер адам LRT құрылысының темір бағанына асылып қалған.

«102 арнасы Нәжімеденов көшесінің бойындағы құрылыс нысанында ер адамның асылып тұрғаны туралы ақпарат түсті. Полиция марқұмның жеке басын анықтады, ол 38 жаста. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның анық-қанығы анықталады», - деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әлем

Сенегал жағалауында мигранттар мінген ағаш қайық аударылып, кемінде 39 адам көз жұмды. Бір адам аман...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Алматының шығарындылар деңгейі төмен аймағындағы газдандырылған ауданд...