«Уағыз айтып жүре бергені жақсы»: Ардақ Назаров аты шулы іске байланысты пікір білдірді

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
374

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Алматы облысы Талғар қаласына сапарынан кейін сынға іліккен болатын, деп хабарлады madeniportal.kz ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Депутаттың Шерзат Болат өлтірілген дүкеннің алдына барып, фотоға түсуін көпшілік түсінбей қалған. Бүгін журналистер депутатқа Мәжіліс кулуарында осыған байланысты бірнеше сұрақ қойды.

- Талғарға барған кезде сізді көп сынап, ашық жазды. Сіз солардың бәрін оқып отырсыз ба? Не деп жауап бересіз?

«Мысалы мен оқымаймын. Басымды қатырып қайтем. Тіпті біздің Пайғамбардың өзін жынды деген. Иса пайғамбарды өлтірмекші болған. Абайдың өзін қан жылатқан қазақпыз. Оның жанында біз кімбіз? Шәкәрімді құдыққа тастаған кезде Ардақ Назаровқа сын айту – мен оған қуанамын. Депутат болғанға дейін сынды әр жерден еститінбіз. Ол кезде менің жанұяма, спортзалыма жауап беретінмін. Кейбір жастарға жасап беретінмін. Ал қазір халықтың жауапкершілігі тұр ғой. Сондықтан, 20 млн адам бар ма – сонша пікір бар. “Мен ондай емеспін, мен осындаймын, мен жақсы ниетпен бардым, азаматтық парызым бар ғой, қасымда мобилограф болған жоқ” деп ақталмаймын ғой. Сондықтан мен өзімнің ісімді білем», - деді Ардақ Назаров.

Желі қолданушылары мәжіліс депутатының сөзіне көңілдерінің толмаған жеткізді.

«Не айтып кеттіңіз?», «Адам әлсіз адамды қорғаушы еді, мына кісі кері істеді», « Уағыз айтып жүре бергені жақсы еді» , - деген пікірлер айтылды әлеуметтік желіде.

 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...