«Аштық жариялағаны өтірік, тамақ ішіп жүр»: ҚАЖК Арыстанбек Мұхамедиұлына байланысты мәлімдеме жасады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2056

Ішкі істер министрлігіне қарасты қылмыстық атқару жүйесі комитеті экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлады madeniportal.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Сотталған адамның аштық жариялағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол тамағын ішіп жүр, мұны бейнебақылау камераларының жазбалары растайды. Одан шағымдар мен өтініштер түскен жоқ. Тәртіпке сәйкес сотталған адам ұялы телефон ұстай алмайды. Оның атынан әлеуметтік желілерде жазба жариялау фактісі бойынша тексеру жүргізіледі. Еске сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған, – деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі портал тілшісіне.

Күні кеше экс-министртің парақшасында аштық жариялайтыны туралы жазба жарияланған еді. “Мен аштық жарияладым, себебі әу бастан мен өзімді кінәсізбін деп есептеймін” делінген постта.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...