Қостанай облысының прокуратурасы балалардың алимент алу құқығын қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөл...
Екі баласын пышақтап өлтірген әкеге шизофрения диагнозы қойылған
Ашық дереккөзден алынған
Биылғы қаңтар айында екінші сыныпта оқитын Рафаэль мен бесінші сыныпта оқитын Ринатты әкелері тәулік бойынша жалға берілетін пәтерге апарып пышақтап өлтірген. Кейін өзіне де пышақ жарақатын салған, деп хабарлады madeniportal.kz.
«Өз балаларын өлтірген қаскөй әйеліне: «Енді осы азаппен өмір сүр! Оларды сен өлтірдің!» деген. Ерлі-зайыптылар 17 жыл бірге ғұмыр кешкен. Ал кейінгі уақыттарда ер адам әйелін көзіме шөп салдың деген желеумен жазғырып келген. Балалардың анасының туыстары журналистерге ер адамның агресссивті болғанын, тіпті қарт әжеге де қол көтергенін, жұмыс істемейтінін, соған қарамастан бейнебақылау камерасын орнатып, әйелін аңдығанын да айтқан. Бұл оқиға туралы неге айтып отырмыз? Іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Өз балаларын жалдамалы пәтерде жоспарлы түрде өлтірген және онысын вибеоға түсіріп алған әке шизофрения деген желеумен кінәдан құтылып кетпекші. Мұндай диагноза күдіктіде бұрын болмаған. Балалардың анасының айтуынша, ол ештеңеге тәуелді емес, есі ауысу мен оғаш қылықтары да байқалмаған. Қанды оқиғаның видеосын ол мақсатты түрде түсіріп, балалардың анасына жолдаған. Ал кейін «Осыдан кейін өмір сүріп көр» деген ойын айтып, әрекетін танытқан», - деп жазды әлеуметтік желіде "Не молчи" қорының өкілі.
Қаза тапқан балалардың анасы соттан және ақиқаттан үмітті.
«Қылмыстық іс 99-бабтың, 3-бөлімі бойынша тергеліп жатыр. Яғни, күдікті 20 жыл бас бостандығынан айырылады немесе оның өмір бақи бас бостандығы болмайды. Бірақ егер де оны ауру деп танитын болса, ол жазаға тартылмай ма?», - деді автор.