Алматыда кәмелетке толмаған қыз баланың мәйіті табылды, деп хабарлады madeniportal.kz Ulysmedia.kz-к...
Продюсер үйқамақта болып, баласына қарайды
Фотосурет stan.kz сайтынан алынды
Таяуда Алматыда адам өліміне әкелген автобус апатына қатысы бар күдікті продюсер Анель Сартаева екі айға қамауға алынған, деп жахады madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.
Жауапкердің адвокаты Қанат Әлсейітов желідегі парақшасында жеке шағым түсіріп, сот оны қанағаттандырғанын мәлімдеді. Енді Анель Сартаева үйқамаққа алынды.
"Қамау бойынша бұлттартпау шарасы жойылды, жеке шағым толығымен қанағаттандырылды. Тергеу кезінде Анель үйқамақта болып, баласына қарайды", – деді Қанат Әлсейітов.
Еске салайық, 26 маусымда Алматыдағы Мақатаев көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында болған жол-көлік апатынан кейін 16 адам зардап шегіп, 1 адам қаза тапқанын жаздық. Кейін 25 адам зарлап шеккені айтылды. Апат болған жерде автобусқа соқтығысқан Kia Sportage автокөлігін 28 жастағы Анель Сартаева басқарған. Ол Salem social media компаниясында "5:32", "Эскорт", "1286" сияқты танымал қазақстандық сериалдарға продюсерлік еткен.