Қарағандыда оқушы «жарылғыш зат» туралы жалған хабарлама таратқан

Сурет: polisia.kz

Қоғам
2755

Қарағандыда мектеп оқушысы сабаққа бармау  үшін «жарылғыш зат» туралы жалған хабарлама таратқан, деп хабарлады madeniportal.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысында құқық қорғау органдары Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейде жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы екі рет жалған ақпарат берген кәмелетке толмаған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұл оқиғалар 2 және 3 қыркүйекте орын алды.

Өзін қала мектептерінің бірінің оқушысы ретінде таныстырған белгісіз адам төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне хабарласып, оқу орнындағы «жарылғыш зат» туралы айтқан.

Тексеру барысында ақпарат расталмады. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Қарағанды облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мектеп-лицейдің кәмелетке толмаған оқушысының «жалған терроризмге» қатысы бар екенін анықтады. 

Ұсталған баланың айтуынша, ол сабаққа қатысқысы келмей, осындай қадамға барған. Оның ата-анасы тәрбиелеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Шоу-бизнес

Әнші Еркеш Хасенмен көңіл жарастырған актриса Жанель Серғазина әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіл...

Шоу-бизнес

Қазақстандық актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы, актриса Дариға Бадықоваға арн...