Бетперде таққан белгісіз жігіт тағы бір адамның қуанышына себепкер болды, деп хабарлады madeniportal...
«Зейнетке шығуға дайындайтын курс керек»: Атақты психолог қарттық кезеңді қызықты өткізудің жолдарын айтты
Сурет ашық дереккөзден алынды
Психолог Ержан Мырзабаев «Оян» бағдарламасында зейнеткерлікке шығар алдында дайындайтын курс керек екенін айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.
Зейнетке алдын ала дайындалып шығу әрбір адам үшін маңызды. Бұл туралы психолог бірнеше себеп келтірді.
«Мемлекеттік деңгейде зейнеткерлерге арнайы курс ашылса деймін. Зейнеткерлікке 6 ай қалғанда дайындайтын арнайы оқу бағдарламасы бар, психологиялық тренинг есебінен жұмыс орнынан курс ашылуы тиіс. Ол кісілерге зейнеткірлікке дайындал десе, қалай дайындалам деп дал болады Әркім қартайған кезде, жастық шақты еске алуы тиіс. Мен жас болғанда не істедім деп. Өйткені сол кезде бәрін істегеміз келеді, жалындап тұрамыз, бірақ оған жағдай келмей жатады. Уақытымыз шектеулі болып жатады. Ал қарттық кезде нені үлгере алмай қалдым, неге қол жеткізе алмадым міне осыны зейнетке шығып алған соң жасауға ұмтылу керек. Хобби ретінде аптасына үш рет барып тұруға болады. Ал екінші дайындық тұрғысынан қоғамға қалай пайдамды тигіземін деген ой болу керек. Бұл ретте еріктілерді алуға болады. Ерікті десе жастар соның ішінде студенттер ойымызға келеді. Негізі зейнетке шыққан адам үшін ерікті болу денсаулыққа пайдалы. Әрдайым қозғалыста болу ерте қартаюдың алдын алады», - деді психолог.
Сонымен қатар, зейнеткерлердің әрдайым қозғалыста, қоғаммен байланыста болуы олардың денсаулығына да оң әсерін береді.
«Қайырымдылыққа іс-шараларға қатысу арқылы зейнеткер өзін қоғамға керек екенін сезінеді. Ал үшінші бұл ата-әжелеріміздің бас қосатын әңгіме-дүкен құратын клубтар, орталықтарының болуы маңызды. Ауылдық жерде бәрі бір-бірін біліп тұрса, қалада ондай бола бермейді. Аулада бір-екі танысы болуы мүмкін. Яғни қоғамдық ортасы болады», - деді психолог Ержан Мырзабай.