«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, депутат Нартай Сәрсенғалиев Бас прокурор Берік Ас...
Тұрғын үй нарығы: баға тұрақты ма?
Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй нарығындағы бағалардың өзгеруі туралы өзекті мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Жарияланған есеп бойынша, бір жыл ішінде (2023 жылдың ақпанынан 2024 жылдың ақпанына дейін) сатылатын жаңа тұрғын үй бағасы 3%-ға өсті, ал қайталама тұрғын үй бағасы 3,3%-ға төмендеді. 2024 жылдың ақпанында тұрғын үйді жалға алу өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 2,9%-ға өсті.
Өңірлер бойынша жаңа тұрғын үй бағасы Ақтөбеде – 8,9%-ға, Қызылордада – 7,1%-ға өсті. Қайталама нарықта бағаның өсуі Талдықорған (9%) және Атырау (8,2%) қалаларында байқалды. Жалға берілетін тұрғын үй нарығында баға Жезқазған (23,3%), Қарағанды (23%) және Атырау (21%) қалаларында өсті.
Бір айда (2024 жылғы ақпан – 2024 жылғы қаңтар) жаңа тұрғын үй бағасы 0,4%-ға, қайталама тұрғын үй – 1,7%-ға өсті. Ақпан айында жайлы тұрғын үйді жалға алу өткен аймен салыстырғанда 1,2%-ға төмендеді.
«2024 жылдың ақпан айында тіркелген тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 30 534-ті құрады, оның ішінде 6 017-сі жеке тұрғын үйлер, 24 517-і көпқабатты үйлердегі пәтерлер. 2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда (31 713) сатып алу-сату мәмілелерінің саны 3,7%-ға төмендеді. Мәмілелер саны бойынша бұрынғыдай Алматы (6 434 – 21,1%) және Астана (5 882 – 19,3%) қалалары, сондай-ақ Қарағанды облысы (2 297 – 7,5%) көш бастап тұр», деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда ақпанда транзакциялардың ең көп өсімі Павлодарда (+17,1%), Шығыс Қазақстан облыстарында (+15,2%) және Шымкентте (+10,1%) тіркелді.
2024 жылғы ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 26,6%-ға өсті, онда 24 118 мәміле тіркелген. Оң көрсеткіш Маңғыстау және Ұлытау облыстарын қоспағанда, республиканың барлық өңірлерінде тіркелді, төмендеу сәйкесінше 18,3% және 8,7% құрады. Ең көп өсім Павлодар облысында (75,4%-ға) тіркелді.