«Ұятсыз жарнамалар»: Электрондық журналға қатысты вице министр жауап берді

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2794

«Күнделік» жүйесіндегі ұятсыз жарнамаларға қатысты вице-министр жауап берді, деп хабарлады madeniportal.kz qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігіне ата-аналардан «Күнделік» электрондық журналындағы жарнамалық контентке қатысты көптеген шағым түскен.

«ААЖ «Күнделік» тарапынан міндеттемелердің орындалмау жағдайлары орын алды, бұл мәселе жүйе әзірлеушілерімен бірнеше рет талқыланды. Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру қажеттілігіне назар аударып, келісім жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай реттелді. Барлық білім беру технологиялары мен EdTech саласындағы жүйелер, соның ішінде ААЖ «Күнделік», Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс жүргізеді», – деді Оқу-ағарту вице-министрі Арай Уразова.

Платформадағы жарнамалық контент оқушылардың жас ерекшеліктері мен психоэмоционалдық жағдайларына сәйкес келмейтіндігі көптен бері қоғам арасында талқыланып келеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...