Жиһазды қысқа мерзімде жасаймын деп уәде берген

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2651

Астанада тұрғынды сан соқтырған жиһаз жасаушы анықталды, - деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға елорда тұрғыны жүгініп, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын айтып арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ол жиһаз жасап беруге уәде берген шеберге 500 мың теңге берген. Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен қаланың 41 жастағы тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында белгілі болғаны, ер адам жәбірленушінің мекенжайына келіп, жиһаз тұратын жерді кесіп-пішіп, оның сеніміне кірген. Күдікті жиһазды қысқа мерзімде жасаймын деп уәде берген, алайда кейіннен байланысқа шықпай қойған. Жәбірленуші алданғанын сезіп, полицияға арызданған.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...