«600 млн теңгеге жасалған»: Ақтөбе облысында жолдар жарамсыз болып қалған

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2384

Ақтөбе облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу жұмысын тексеру барысында елеулі кемшіліктер анықталды, деп хабарлады madeniportal.kz Azattyq Rýhy-ына сілтеме жасап.

Антикор мәліметінше, биыл бюджеттен шамамен 600 млн теңге бөлінген «Мәртөк – Дмитриевка – Байторысай – Полтавка» жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алайда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғанға дейін 4 шақырым жол жарамсыз болып қалған.

«Жобада айналма жол қарастырылмағаны анықталды. Нәтижесінде мердігер инертті материалды жаңа жол жамылғысы арқылы тасымалдаған.

Сонымен қатар, келісімшарт жасасу кезінде мердігер үшін 2 жылдық кепілдік міндеттемелердің орнына бір жыл ғана белгіленген.

Талдау қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының әкімдігі орташа жөндеудің кепілдік мерзімін қайта қарады, жол жабынын қалпына келтіру мәселесі бойынша мердігерге қатысты талап арыз берілді», - делінген Антикор хабарламасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде екі 13 жастағы сыныптас арасында жанжал шығып, оқушылардың бірі екіншісіне 15 рет пышақ сұққ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Адвокат Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында түнгі уақытта көмек сұрап келген үш баланың...