«Қазгидромет» 2026 жылдың 1 қаңтарына жасалған ауа райы болжамын жариялды, деп хабарлайд...
32°C-қа дейін ысиды: Алдағы үш күн ауа райы құбылмалы болады
Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz
"Қазгидромет" синоптиктері 19, 20 және 21 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстандағы ауа райы біртіндеп өзгере бастайды. Республикасының солтүстік-батысында, кейін солтүстігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы көтеріледі. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде найзағайлы жаңбыр сақталады.
Ал еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының біртіндеп жақсаруы күтіледі. Солтүстік-батыста жауын-шашын тоқтап, кейін бұл үрдіс Қазақстанның солтүстігіне де таралады. Сонымен қатар ауа температурасы жоғарылайды. Республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Күндіз елдің солтүстігінде ауа температурасы +17...+25°C-қа, орталық және батыс өңірлерде +20...+28°C-қа дейін көтеріледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста күн одан да жылы болады: мұнда ауа температурасы +27...+32°C-қа дейін жетеді. Оңтүстікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Дегенмен жаңбырлы ауа райы Қазақстан аумағынан толықтай кетпейді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыстың жекелеген аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді. Таулы аймақтарда кей уақытта қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Жауын-шашынға қарамастан, оңтүстік өңірлерде жылы ауа райы сақталады.