Бірқатар өңірде үсік жүреді: 19 сәуір күні ауа райы қандай болады?

Фото: Pixabay

АЙМАҚТАР
1062

19 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, алайда бірқатар өңірде түнде үсік жүріп, сынап бағанасы -3°С дейін төмендейді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ел аумағының басым бөлігіне ауқымды антициклон әсер еткенімен, кейбір облыста ауа температурасы нөлден төмен түседі. Болжам бойынша, -2...-3 градусқа дейінгі аяз келесі өңірлерде байқалады:

  • Солтүстік өңірлерде;
  • Түркістан облысының таулы аудандарында;
  • Алматы облысының солтүстігі мен тау бөктерінде;
  • Жетісу облысының кей бөліктерінде.

Елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбырдың соңы қарға ұласуы ықтимал.

Елдің батысында шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді деп болжануда. Кейбір өңірде тұман түседі. Сонымен қатар, синоптиктер жоғары өрт қаупі сақталатын өңірлерді атады:

1. Түркістан облысының батысы;

2. Жамбыл облысының батысы;

3. Жетісу облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда құрамында алкоголь болуы мүмкін белгісіз сұйықтықтан уланған үш ер адамның барлығы қайты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіпті бұзған екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікк...