Бүгін көптен бері ойымда жүрген істің орайы келіп, Төлен Әбдік, Алдан Смайыл, Ұлықбек Есдәулет ағала...
Алдағы күндері аптап ыстықтың кезекті толқыны болады
Фото: Pixabay
482
Қазгидромет алдағы үш күнде елде қайтадан аптап ыстық болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ауқымды антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде ыстық әрі құрғақ ауа райы күтіледі.
"Кезеңнің соңына қарай еліміздің батысы мен солтүстік-батысында солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін".
Барлық өңір тұрғындарын аптап ыстықтың кезекті толқыны күтіп тұр.
Елдің солтүстігі мен шығысында ауа температурасы 35–39°С-қа дейін, оңтүстігінде 35–41°С-қа дейін, ал батысы мен орталығында 36–41°С-қа дейін көтеріліп, өте қатты ыстық болады.