Әлемге әйгілі футбол аңыздары Астанада ағаш отырғызды

Фото: akimat_astana

АЙМАҚТАР
2223

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында футбол аңыздары Кристиан Дзаккардо, Дуглас Майкон ботаникалық бақтың аумағына көшет отырғызды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бәріне сәлем! Біз Қазақстанға келгенімізге қуаныштымыз. Бүгін біз қаланы көгалдандыруға өз үлесімізді қостық. Экологиялық көгалдандыру жобасы жалғасады деп шын жүректен үміттенемін. Алдағы уақытта қайта оралғанда мұнда ағаштың көп болғанын көргіміз келеді, - деді Кристиан Заккардо.

Әлемдік деңгейдегі футбол жұлдызының сөзін әріптесі Дуглас Майкон да қоштап, тазалық акциясы туралы өз ойымен бөлісті.

Сәлем балалар! Мен Қазақстанға келгеніме қуанып отырмын, мұнда алғаш рет келіп тұрмын. Мұндай іс-шараға қатысу маған ләззат сыйлайды. Барлығына рақмет! Біз әлі де оралып, қаланы одан да жасыл кейіпте көреміз деп үміттенеміз, - деп атап өтті Дуглас Майкон. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда құрамында алкоголь болуы мүмкін белгісіз сұйықтықтан уланған үш ер адамның барлығы қайты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіпті бұзған екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікк...