«Шаршадым деп жатып қалған»: Ақмола облысында жүкті әйел қайтыс болған

Сурет ашық дереккөзден алынды

АЙМАҚТАР
3831

Қайғылы оқиға Бестөбе ауылында болды. Алты баланың анасы 34 жастағы жүкті әйел жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды, деп хабарлады madeniportal.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  

Оқиға 19 қазан күні орын алған. Жүкті әйел өзін нашар сезініп, үйіндегілерге шаршағанын білдіріп жата тұратынын айтқан. Кейін туыстары оны өлі екенін анықтаған. Алты баланың анасы жүктіліктің 34 аптасында болған.

Дәрігерлер әйел адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болғанын растады. Өлімнің алдын - ала себебі - жедел жүрек жеткіліксіздігі.

Зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ.

Полиция Бестөбе тұрғынының қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын, сараптамалар мен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, бюроның сәуір айында есептегендегі нәтижесі бойынша...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың арнайы өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен бір...