Алматыда метро жұмысы ұзартылды

Фото: metroalmaty.kz

АЙМАҚТАР
611

Бүгін сағат 21:45–те УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында Орталық стадионда «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойын өтуіне байланысты метро уақыты ұзартылады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қала әкімдігінің мәліметінше, метроның жұмысы түнгі сағат 01:00–ге дейін ұзартылады.

«Байқоңыр» және «М.Әуезов атындағы театр» бекеттерінде матч өткізу кезінде жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау және сапалы қызмет көрсету үшін қызметкерлер саны күшейтіледі, — деп хабарлады әкімдіктен.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойын аяқталған соң жанкүйерлердің үйлеріне жайлы жетуі үшін 60 автобус ұйымдастырылады.

Олар Абай, Сәтбаев және Байтұрсынұлы көшелерімен қозғалып, 6 бағытта қатынайды:

* Орталық стадион — «Алматы Арена» — батыс бағыты;

* Орталық стадион — Райымбек/Алатау — батыс бағыты;

* Орталық стадион — Алматы-1 теміржол вокзалы;

* Орталық стадион — «Орбита» шағын ауданы;

* Орталық стадион — «Жұлдыз» шағын ауданы — шығыс бағыты;

* Орталық стадион — Әуежай — шығыс бағыты.

Ойын кезінде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атыраулық отбасының ісін жария түрде көтерген жергілікті журналист Жанат Молдашова өзіне белгісіз ад...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің ең маңызды әлеуметтік жо...