Ақтауда бала өлімінен кейін балалар хирургі ұсталды

Фото: freepik

АЙМАҚТАР
231

Ақтауда кәмелетке толмаған науқастың өлімінен кейін облыстық балалар ауруханасының хирургі ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полиция мәліметінше, балаға медициналық көмек көрсету барысында емдеу мен диагноз қоюға, сондай-ақ медициналық көмекті ұйымдастыруға қатысты бірқатар кемшілік анықталған. Кейін науқас шұғыл түрде Алматыға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Сот-медициналық сараптама қорытындысында емдеу кезінде жіберілген кемшіліктер баланың жағдайының асқынуына ықпал етуі мүмкін екені көрсетілген.

Осы дерек бойынша хирург Қазақстан Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Ал Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы директорының орынбасары Үміт Ілиясова әлеуметтік желіде ұсталған дәрігерді қолдап жазба жариялады. Ол дәрігерді ұстауға жеткілікті негіз болмағанын айтып, болған жағдайды «құқықтық бассыздық» деп бағалады. Сондай-ақ адвокатқа алдын ала хабар берілмегенін мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы тойлардың бірінде әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жуманова қымбат смартфон ұтып алып, көпш...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нүриддин Шәмшіұлы көз жұмды, деп хабарлайды M...