Астанада ұлттық өнер мен мәдениетке арналған үлкен этнофестиваль өтеді

Madeniet Portaly

АЙМАҚТАР
1219

Елордада 13–15 желтоқсан күндері Тәуелсіздік даңғылы 34 мекенжайындағы «Astana Mall» орталығында ұлттық өнер мен дәстүрді дәріптейтін «Ұлы дала қолөнершілер керуен көшi» этнофестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Фестиваль күн сайын сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Бұл шара – тек қолөнер жәрмеңкесі ғана емес, қазақтың бай мәдениетін, өрнекті өнерін, дәстүр мен қазіргі заманғы стильдің үйлесімін көрсететін ерекше мәдени алаң. Келушілер Қазақстанның әр өңірінен жиналған шеберлердің қолтаңбасын айқын көрсететін бірегей туындылармен таныса алады.

Этнофестиваль бағдарламасына: ұлттық қолөнер көрмесі, этностильдегі сән көрсетілімдері, белгілі дизайнерлер мен шеберлердің шеберлік сабақтары, этномузыкалық қойылымдар мен авторлық бұйымдарды сатып алу мүмкіндігі кіреді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің мақсаты – ұлттық өнерді кеңінен танытып, қолөнер шеберлерін қолдау және қала тұрғындарына ерекше мәдени атмосфера сыйлау.

Шараға кіру тегін. Қосымша ақпарат: 8 747 140 81 47.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада бірнеше күн бойы іздестірілген 65 жастағы тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Меркі ауданында қайтыс болған 19 жастағы Мадина Рашидқызының денесіне эксгумация жа...