Демалыс күндері ауа райы 40 градусқа дейін ысиды

Фото: Pixabay

АЙМАҚТАР
87

Қазгидромет синоптиктері 4-6 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Синоптиктердің хабарлауынша, ел аумағына белсенді циклон мен атмосфералық фронттардың әсері жалғасады. Соның салдарынан көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Қатты жауын-шашын мына өңірлерде күтіледі:

  • 4 шілдеде – еліміздің солтүстік-батысында;
  • 4-5 шілдеде – оңтүстік-шығыс пен орталық өңірлерде;
  • 5-6 шілдеде – шығыс Қазақстанда;
  • 4-6 шілде аралығында – солтүстік өңірлерде.

Сонымен қатар республика бойынша желдің күшеюі, екпінді жел мен бұршақ болжанып отыр. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы ықтимал. Ал елдің солтүстігінде түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.

Жауын-шашынға қарамастан, еліміздің көптеген өңірінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. 5–6 шілде күндері батыс және орталық аймақтарда күндізгі температура +35…+39 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік-батыста аптап ыстық +40 градусқа жетсе, солтүстік-батыста +35 градусқа дейін жылынады. Шығыс Қазақстанда да бүкіл кезең бойы +35…+37 градус аралығында қатты ыстық сақталады.

Бұған дейін «Қазгидромет» шілде айына арналған консультативтік болжамын жариялаған болатын. Мамандардың мәліметінше, ай бойы Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Аптап ыстық кезеңдері нөсер жаңбырмен, найзағаймен, екпінді желмен және шаңды дауылдармен алмасады. Ал оңтүстік өңірлерде жекелеген күндері ауа температурасы +45 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. 

Шоу-бизнес

Әлеуметтік желіде Жұлдыз Әбдікәрімова мен Азамат Сатыбалдиннің видеосы тарады, деп хабарлады MadeniP...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысында 13 жастағы қыз түні бойы зорлық көрді деген ақпарат тарады, деп хабарл...