«Қазгидромет» РМК 4 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады madenipo...
Қар, көктайғақ және -6 градус: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді
ЖИ
«Қазгидромет» РМК 8-10 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Шығыста көктайғақ болжанады.
«8-10 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Шығыста көктайғақ болады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Ал еліміздің батысы мен оңтүстігі антициклон ықпалында болып, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Батыс өңірлерде түнде ауа температурасы +5...+16 градус, күндіз +17...+27 градус шамасында болады. Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарда түнде температура біртіндеп төмендеп, -1...-6 градусқадейін жетуі ықтимал. Күндіз +10...+27 градус аралығы болжанады.
Шығыста түнде 0...+8 градус, ал күндіз ауа температурасы +10...+15 градустан +2...+7 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде +3...+10 градус, күндіз +17...+25 градус болады. Таулы аудандарда түнде 2 градусқа дейін үсік жүріп, күндіз +12...+17 градус күтіледі.