Қазақстан аумағына мұхиттан келген белсенді циклон әсер етеді

Фото: Жалғасбек Тоқтамысов

ЖАҢАЛЫҚТАР
1505

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамына сәйкес, 2025 жылғы 9 қараша, жексенбі күні Қазақстан аумағына Атлант мұхитынан келген белсенді циклон әсер етеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

Солтүстік пен солтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашын кей жерлерде күшті болады. Бұл аймақтарда, сондай-ақ шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ пен боран болуы мүмкін, – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда антициклонның әсерінен ауа райы ашық, жауын-шашынсыз өтеді.

Сонымен қатар синоптиктер елдің барлық өңірінде тұман түсіп, желдің күшеюі ықтимал екенін ескертеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров халықаралық іздеуге жарияланды....

Шоу-бизнес

Танымал қазақстандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева отбасында дүркіретіп той жасады, деп хабарлад...