Қарағандыда пойыз апатқа ұшырап, үш адам көз жұмды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1788

Қарағандыда пойыз апатқа ұшырап, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға Ақадыр – Қарағанды учаскесінің Жарық-Дария аралығындағы күзетілмейтін реттелетін теміржол өткелінде болған. 

ҚТЖ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, 92 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі Mazda маркалы жеңіл автокөліктің жолға шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданған. Алайда соқтығысудын алдын алу мүмкін болмаған. 

Автокөлік жүргізушісі мен екі жолаушы ауыр жарақаттан көз жұмды. Оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.

 «ҚТЖ «ҰК» АҚ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады және жол қозғалысының барлық қатысушыларын теміржол өткелдерінің жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Түнде апат қаупі артқан кезде ерекше назар аудару қажет,-делінген мәліметте.  

PESTEL

Түркияның Ыстанбұл қаласында 26 жастағы қазақстандық қыз қайғылы жағдайда қаза тапты. Алдын ала мәлі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көріпкел Ақгүл Есетқызы Ақтау маңындағы Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 сарбазға...