"Қазгидромет" Астана мен Алматыда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мегаполистерде 20, 21 және 22 қазан күндері ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: Алматыда +20 градус, Астанада қар
Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz
Астанадағы ауа райы
20 қазанда күн бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +1...+3 градус.
21 қазанда күн бұлтты, кей кездері жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы 9-14 метр, екпіні 15-20, кей кездері секундына 23 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +6...+8 градус жылы.
22 қазанда күн бұлтты, кей кездері жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жел солтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +4...+6 градус жылы.
Алматыдағы ауа райы
20 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +18...+20 градус жылы.
21 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 12 метр. Ауа температурасы түнде +3...+5 градус, күндіз +14...+16 градус жылы.
22 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 12 метр. Ауа температурасы түнде +3...+5 градус, күндіз +15...+17 градус жылы.
Синоптиктердің мәліметінше, биыл қазан Қазақстанның басым бөлігінде әдеттегіден жылы болғанымен, ауа температурасы құбылып, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі.
Қазанның екінші және үшінші онкүндіктерінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі. Батыс пен солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +10…+20 градусқа дейін құбылса, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде +3…+13 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Ал оңтүстік аймақтарда кей күндері күндізгі температура +20…+30 градусқа дейін көтеріледі.
Жалпы, қазан айындағы орташа температура елдің басым бөлігінде климаттық нормадан 1–2 градус жоғары болады деп болжанған. Шығыс Қазақстан облысында, сондай-ақ Абай мен Павлодар облыстарының солтүстік-шығыс бөлігінде температура қалыпты деңгейде сақталуы мүмкін. Жауын-шашын мөлшері де негізінен климаттық нормаға жақын болады.