Жаңбыр қарға ұласады: 16 сәуір қауіпті метеорологиялық құбылыстар күтіледі

Фото: Pixabay

АЙМАҚТАР
737

Қазақстан аумағында 16 сәуірде ауа райы күрт құбылып, бірқатар өңірде қауіпті метеорологиялық құбылыстар күтіледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағы арқылы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Соның салдарынан республиканың басым бөлігінде жауын-шашын түсіп, кей жерлерде жаңбыр қарға ұласады. Солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр мен қар аралас жауын күтіледі.

Бұдан бөлек, елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында және орталық аймақтарында жауын-шашынның күшеюі ықтимал. Кей өңірлерде бұршақ жауып, дауыл тұрып, көктайғақ қалыптасуы мүмкін.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстік-шығыс өңірлерде желдің екпіні шаңды дауылға ұласуы ықтимал.

Сонымен қатар, Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, Жамбыл облысының батысы мен оңтүстік-шығысында, Алматы облысының солтүстігі, батысы және орталық бөлігінде, Жетісу облысының бірқатар аумағында, сондай-ақ Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер ауа райының күрт өзгеруіне байланысты тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ведомствоның мәліметінше, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда әлемге әйгілі актер Джеки Чан мен ресейлік танымал рэпер MiyaGI-дің кездесуі желіде қызу тал...