Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың бірінші сессиясында Қазақстанның біртіндеп үлкен құ...
Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінде екі басшы тағайындалды
коллаж
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратында бірқатар кадрлық тағайындау туралы өкімдерге қол қойды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен Арман Асқарұлы Әбдірасілов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының Ахуалдық орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.
Президенттің тағы бір өкімімен Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Кадрлық шешімдер туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Ресми хабарламада жаңадан тағайындалған басшылардың бұған дейін атқарған қызметтері мен кадрлық өзгерістерге қатысты өзге де мәліметтер келтірілмеген.