Құрылыс бөлігі опырылып түсті: Астанада 15 метр биіктіктен құлаған үш жұмысшының жағдайы белгілі болды

Фото: ЖИ

АЙМАҚТАР
781

Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде жұмысшылар биіктіктен құлады. Үш адам жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқыс жағдай құрылыс нысанында орнатылған лифт орнының опырылуынан болған. Нысан шамамен 15 метр биіктіктен құлап, онда жұмыс істеп жатқан үш қызметкер жарақат алды.

Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Оқиғадан кейін полиция ҚР ҚК бойынша «Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның нақты себептері мен кінәлі тұлғалар анықталуда. 

Құқық қорғау органдары құрылыс алаңындағы қауіпсіздік техникасының сақталуы, жабдықтардың жағдайы және жұмыстың ұйымдастырылуына қатысты қосымша тексеріс жүргізуде. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...