Алдағы үш күн мегаполистерде ауа райы қандай болады

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

АЙМАҚТАР
188

"Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған Астана мен Алматы қалалары бойынша ауа райы болжамын ұсынды. 30 қыркүйек, 1 және 2 қазанда мегаполистерде ауа райы қарама-қайшы болады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Болжамға сәйкес, Астана мен Алматыда ауа райы өзгереді: 1 қазаннан бастап қос қалада да жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтіледі. Астанада күндіз ауа температурасы +15…+17 градусқа дейін төмендесе, Алматыда әзірге +22…+24 градусқа дейін жылы болады. 
 

Астанадағы ауа райы

 

30 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +19...+21 градус.

1 қазанда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +15...+17 градус.

2 қазанда көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауып, күндіз күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +15...+17 градус.

 

Алматыдағы ауа райы

 

30 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус, күндіз +22...+24 градус.

1 қазанда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 5-10, екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +22...+24 градус.

2 қазанда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10, кей уақытта екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +19...+21 градус.