Elicense.kz порталында екі жаңа қызмет автоматтандырылды: цифрлық майнинг қызметі туралы ақпараттанд...
Шымкентте есірткі сатушылар тобы ұсталды
ашық дереккөзден алынған
2295
Полиция жедел іс-шаралар кешенін өткізу кезінде есірткі заттарын өткізумен айналысатын бес ер адамды ұстады, деп хабарлады madeniportal.kz.
Күдіктілердің бірінің үйінде арнайы желдету жүйесімен, жарықдиодты шамдармен, ылғалдылықты өлшеу құралдарымен, желдеткіштермен, термометрлермен және автоматты суару жүйесімен жабдықталған қарасора өсіру бөлмесі анықталды.
Фитолаборатория жойылып, өсірілген 46 қарасора бұталары мен құрал-жабдықтар тәркіленді.
Күдіктілерден 17 доза "синтетика" және 30 грамнан астам кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.
Іс бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде.
Күдіктілер қамауға алынды