-30 градус аяз: Қарағандыда оқушы су толы ашық құдыққа құлап кеткен

Фото: видеодан скриншот

АЙМАҚТАР
395

Қарағандыда қатты аязда оқушы су толы ашық құдыққа құлаған. Бұл туралы баланың әпкесі мәлім етті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның айтуынша, оқиға болған жерде бейнебақылау камералары орнатылмаған. Оқушыға дереу көмек көрсетілмесе оқиғаның қайғылы аяқталуы мүмкін екенін атап өтті.

Бауыржан Момышұлы көшесіндегі №103 мектеп жанында менің 3-сыныпта оқитын бауырым −30°C аязда ашық, қоршалмаған су толы құдыққа құлап, гипотермия алған. Бала аман қалды, бірақ бұл жағдай сол күйі қалмауы керек. Оқиға туралы полицияға, әкімдікке және eOtinish арқылы хабарлама берілді. Мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін кінәлілер табылып, жауапқа тартылуы тиіс, – деп жазды ол.

Автор інісін құтқаруға көмектескен жоғары сынып оқушысына, сынып жетекшісіне және сыныптастарына алғысын білдірді. 

Сондай-ақ, ол оқиғадан кейін құдық уақытша тақтаймен жабылғанын, бірақ оның да сенімділігіне күмән бар екенін жазған.

 Қазіргі уақытта құдық бетон тақтаймен жабылған, барлық қауіптер жойылды. Қақпақтың ұрланғаны жөнінде полиция органдарына арыз берілген. Сондай-ақ, ашық нысандарды анықтау және жабу мақсатында инженерлік жүйелерді жоспардан тыс тексеру ұйымдастырылды, – деп хабарлады қалалық ТКШ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі мәлім еткендей, соңғы алты айда Қарағандыда канализация люктерінің қақпақтарын ұрлау бойынша 50-ден астам факті тіркелген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша бала жарақат алмаған және үйіне жіберілген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда әскери полигоннан қайтып келе жатқан бөлімше құрамындағы келісімшартпен қызмет ететін әскери...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада сот 82 жастағы ер адамды жеті жастағы шөбересіне жыныстық зорлық көрсеткені үшін кінәлі деп...