Шымкентте «MacCoffee» 3/1 лас гаржда дайындалып, дүкендерде сатылған

Фото: Әділет министрлігі

АЙМАҚТАР
1067

Шымкент қаласында антисанитариялық жағдайда «MacCoffee» 3/1 дайындаған заңсыз цехтың жұмысы әшкереленді. Әділет органдары мен полиция департаменті бірлескен жедел тексерістің нәтижесінде цех жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тез еритін кофені «С» есімді азамат кәдімгі гаражда дайындаған. Күмәнді сападағы шикізат дайын қаптармен сатып алынған. Анықталған орында тез еритін дайын 3/1 кофені термотігіс арқылы ыдысқа құю, орау және өзге біреудің тауар белгісін жапсыру жұмысы жүргізілген.

«Аталған контрафактілік өнім қаладағы шағын дүкендер мен сауда нүктелері арқылы сатылған. Тексеру нәтижесінде құқық бұзушыдан «MacCoffee» 3/1 тауар белгісі бар 4000-нан астам орама бірлігі, сондай-ақ өндіріс жабдықтары (термотігіс, таразы, дайын 3/1 кофенің қаптамасы) тәркіленді.

Құқық иеленушінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, тәркіленген контрафактілік өнім сапа стандарттарына сәйкес келмейтіні және тұтынушылардың денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төндіруі мүмкін екені хабарланды», – дейді Әділет министрлігі. 

Осы іске байланысты «С» азаматына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ҚР ӘҚБтК) 158-бабы (Өзге біреудің тауар белгісін заңсыз пайдалану) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Тексеру материалдары одан әрі қарау және шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысқан талапкерлер мен олардың ата-аналары үшін ең маңызды сәт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында той үстінде айтқан сөздері қоғамда қызу талқыға түскен 66 жастағы ер адам уақытш...