Шымкентте жүріп бара жатып өртеніп кеткен көліктің видеосы тарап кетті

Фото: видеодан алынған кадр

АЙМАҚТАР
1867

11 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында Шымкент қаласы Төлеметов көшесінде Volkswagen Bus көлігі қозғалыс өртке оранып, артынша екінші көлікті соғып кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy  тілшісіне сілтеме жасап.

Көпқабатты тұрғын үй кешені маңында Volkswagen Bus көлігі қозғалыс кезінде өртеніп кеткен. Көлік жүргізушісі жағдайды бақылауға ала алмағандықтан, тоқтай алмай, жүріп бара жатқан күйінде көліктен шығып үлгерген.

Отқа оранған Volkswagen көлігі сол сәтте жақын маңдағы Daewoo Gentra маркалы автокөлікке соғылып, нәтижесінде екі көлік те өртеніп кетті. Daewoo Gentra көлігінің артқы бөлігі жанып кеткенімен, абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Ал Volkswagen толығымен өртенді.

Өртті сөндіруге екі өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 10 адамы жұмылдырылды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы Зүлфия Төленованың қарамағында бала қалмады,...