Павлодар облысында жанып кеткен ауыл мектебінің орнына жаңа ғимарат салынады

Фото: Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті

ЖАҢАЛЫҚТАР
1574

Ертіс ауданы Бұланбай ауылында отқа оранып, түгі қалмай жанып кеткен мектептің орнына шағын жинақтағы мектеп салынады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина хабарлады.

"Бұланбай ауылындағы негізгі мектеп өртке оранғаны бәрімізге мәлім. Сол күні оқиға орнына барып, жағдайды өз көзіммен көрген болатынмын. Ауыл тұрғындарымен, ұстаздармен және қызметкерлер ұжымымен кездесіп, мектепте білім алып жүрген оқушылардың алдағы күндері қайда оқитыны жайлы нақтылап алған едік. Облыс әкімінің орынбасары Айгүл Маликовамен оқиға орнына арнайы тағы бір мәрте іссапармен барып келдік. Айгүл Қайыртасқызы облыс әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасымен өртеніп кеткен мектептің орнына бала санына шақтап, мектеп салынатынын жеткізді. Мектептің қайта қалпына келуі тек білім беру мекемесі ғана емес, сонымен бірге ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын да жаңарту бойынша маңызды қадам болмақшы", - дейді басқарма басшысы.

Жаңа шағын жинақталған мектептің құрылысын бастау үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, бюджеттен қаражат бөлінеді. 

Шағын-орталықта тәрбиеленіп жатқан 8 бүлдіршін де ары қарай тәлім алады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...