Төтенше жағдай: Алматыда қатты желден ағаштар жолға құлап жатыр

Фото: ТЖД

АЙМАҚТАР
1038

Алматыда соққан қатты желдің салдарынан Медеу ауданында ағаштар жолға құлаған. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

21 ақпан, таңғы сағат 09:15-те «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» курортының арасындағы жолда (Горельник және «Апа-Катя» маңында) ағаш құлап, қозғалысқа кедергі келтірген.

Алматы қалалық ТЖД Құтқару қызметі мен Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері оқиға орнына дереу жеткен.

«Құтқарушылар мен ұлттық парк қызметкерлерінің бірлескен күшімен жолдың жүру бөлігі жедел түрде тазартылды. Ешкім зардап шеккен жоқ», — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта жолдар ашық, көлік қозғалысына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда құрамында алкоголь болуы мүмкін белгісіз сұйықтықтан уланған үш ер адамның барлығы қайты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіпті бұзған екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікк...