Еліміздің бірнеше өңірінде қатты жел мен қалың қар күтіледі

Фото: qazaqstan.tv

АЙМАҚТАР
234

14 ақпанда ел аумағының басым бөлігінде ауа райы күрт құбылып, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжауынша, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын күшейеді. Түркістан облысы мен Шымкентте жаңбыр мен қар аралас жауын жауып, таулы аумақтарда жауын-шашын мөлшері нормадан асуы мүмкін. Жолдарда көктайғақ болып, тұман түседі.

Алматы мен Қонаевта да тұман мен көктайғақ күтіледі. Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар жаууы ықтимал. Жетісу облысында жолдардың тайғақтығымен қатар, Алакөл маңында желдің жылдамдығы 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс өңірлерде ауа райы да тұрақсыз болады. Атырау облысында шаңды боран соғып, жел екпіні 20 м/с-қа жетеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында қою тұман түсіп, көріну мүмкіндігі шектеледі. Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавлда екпінді желдің жылдамдығы 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Мамандар жол қозғалысына қатысушыларға сақ болуды, алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамын ескеруді ұсынады. Қолайсыз метеожағдайлар бірқатар өңірде көлік қозғалысына және коммуналдық қызметтердің жұмысына әсер етуі ықтимал. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы шабуыл кезінде жараланған болуы мүмкін, бірақ есін біледі және жасыр...

Шоу-бизнес

Белгілі әнші және актриса Айгүл Иманбаева ұшақ ішінде бортсеріктермен келіспей қалған, деп хабарлады...