Ұлытау облысы Елтаңбасының ең үздік жобасына байқау жарияланды

ЖАҢАЛЫҚТАР
4192
 Ұлытау облысы Елтаңбасының ең үздік жобасына байқау жарияланды. Бұл туралы облысы әкімдігінің арнайы парақшасы хабарлады.



 Ереже бойынша, конкурсқа жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. 


 Қатысу үшін байқау комиссиясына жобаның эскизін және оған түсіндірме жазбаны ұсыну қажет.


 Эскиз қағазда немесе электронды тасымалдағышта ұсынылуы тиіс.


  Қатысушылардың ұсыныстарын танымал сәулетшілер мен мамандардан тұратын байқау комиссиясы қарайды.


 Материалдар 2022 жылдың 15 қазанына дейін Ұлытау облысының Қоғамдық даму басқармасына ұсынылуы тиіс (ulytaugogam20@gmail.com, байланыс телефоны: 735076 немесе +77479551524).
 Жеңімпазға диплом мен 500 мың теңге ақшалай сыйлық беріледі.


ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...