"Қазақмыстағы" ереуіл: басшылық тарапынан қоқан-лоққы жасалған

Фото: Видеодан алынған кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2323

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі шахта кеншілері 17 желтоқсаннан бастап ереуілдеп жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz Азаттыққа сілтеме жасап.

Жұмыс беруші компания төрт кеніште тараптар өзара ымыраға келіп, жұмыс штаттық режимге көшкенін хабарлады.

"Қазақмыс" корпорациясының PR департаментінің басшысы Арман Әлібектің сөзінше, "түсіндіру жұмыстарынан" кейін "Саяқ" (Қарағанды), "Жайсан" және "Шатыркөл" кеніштері (Жамбыл облысы) мен "Жезқазған мысбалқыту" зауытының жұмысы қалпына келтірілген.

"Оңтүстік Жезқазған" кеншілерімен келіссөз жалғасып жатыр.

Ал Азаттық сөйлескен кейбір ереуілшілер басшылық тарапынан қысым мен қудалау басталғанын айтты.

"Әлі шешілген жоқ. Ереуілшілер жер астында отыр. Оларды жұмыс беруші компания қорқытып жатыр. Неше түрлі қоқан-лоқы жасап, қудалап жатыр. Тіке айтпаса да, соған қиыстырады" - деді аты-жөнін атағысы келмеген ереуілшілердің бірі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...