Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1578

Бокстан жастар арасында әлем чемпионы Төрехан Сабырхан үй жағдайында дене жаттығуын қалай жасап жүргенін көрсетті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Танымал жас боксшы үй жағдайында мал шаруашылығында жұмыс істеп, қи ойып, қара күш жинайтынын атады. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, жанкүйерлерін қызықтырып қойды.

"Қайдағы Америка? Үйдеміз! Күшке жұмыс істеп жатырмыз", - деп жазды боксшы Instagram-да.

Жария болған бейнежазбада оның қорада қалың қабатқа айналған қиды ойып жатқаны анық көрінеді. Осылайша үйге қолғабыс етумен қатар, ол қара күшті жинайтынын жеткізді.

Төрехан Сабырхан ақпан айында Болгарияның София қаласында өткен "Странджа" халықаралық турнирінде 67 келіде чемпион атанған болатын. Финалдық жекпе-жекте Сабырхан өзбекстандық Мұхамадазизбек Исмаиловпен кездесіп, сенімді түрде жеңіске жетті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...