Нұр-Сұлтанда «Рухани қазына» фестивалі өтіп жатыр

РУХАНИЯТ
2024

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет пен өнер саласы қызметкерлері күніне орай мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің қатысуымен «Рухани қазына» фестивалін өткізуде. 

Фестивальдің мақсаты – мәдениет саласы қызметкерлерінің қызметінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру, соның ішінде кітапхана, музей, мәдени ойын-сауық саласындағы қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-мәдени бірлікті дамыту аясында ұлттық мәдениетті насихаттау, аймақтық мәдениет ұйымдарының имиджін көтеру, үздік әлеуметтік-мәдени және білім беру тәжірибелерін ортаға салу.

Фестиваль міндеттері – бірыңғай мәдени кеңістікті дамыту, аймақтардағы мәдени мұралармен танысу, жұмыс бойынша тәжірибе алмасу, қоғамдық сананы жаңғырту аясында мәдениет ұйымдары қызметтерінің мазмұнын жаңарту бойынша идеялар іздеу, мәдениет қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру.

Мәдениет пен өнер саласы қызметкерлері күніне ұйымдастырылған бұл шараға республика өңірлерінен 250-ге жуық қатысушы келді. «Мұнда музей, кітапхана және мәдениет үйлерінің қызметкерлерінің тәжірибе алмасатын алаңын құрғымыз келді. Қазақстанның барлық өңірінен келген мамандарға шеберлік сабақтарын өткіземіз. Сонымен бірге, мәдениет саласындағы қызметкерлерді ынталандыруды, өңірлік мәдениет ұйымдарының имиджін нығайтуды мақсат еттік. Мәселен, өткен жылғы фестивальдің нәтижесінде ауылдық жерлерде коворкинг-орталықтар ашылды. Мәдениет үйлерінде - жаңа үйірмелер мен жаңа форматтағы кітапханалар пайда болды», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Мақсат Арғынбеков.

Фестиваль аясында мемлекеттік музейлер (облыстық, аудандық (қалалық) маңызы бар),мемлекеттік кітапханалар (облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық маңызы бар), мемлекеттік мәдени ойын-сауық ұйымдары (облыстық, аудандық (қалалық) маңызы бар) арасында өткізілетін республикалық «Рухани қазына-2019» байқауының нәтижесі жарияланатын болады.

Байқау нәтижесінде қатысушылар келесі номинациялар бойынша марапатталады:

1) Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей;

2) Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей;

3) Үздік облыстық маңызы бар кітапхана;

4) Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана;

5) Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана;

6) Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана;

7) Үздік облыстық халық шығармашылығы орталығы;

8) Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, мәдениет сарайы;

9) Үздік ауылдық мәдениет үйі, клубы.

Мәдениет ұйымдарының қызметкерлері келесі номинациялар бойынша марапатталады:


1) Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері;

2) Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері;

3) Үздік облыстық маңызы бар кітапхана қызметкері;

4) Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана қызметкері;

5) Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана қызметкері;

6) Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкері;

7) Үздік облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері;

8) Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, мәдениет сарайының қызметкері;

9) Үздік ауылдық мәдениет үйінің, клубтың қызметкері.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...