Аксель Гуталс: Ғұндар Еуропадағы өркениеттің дамуына әсер еткен

РУХАНИЯТ
1984

Қазақстан – тарихи және мәдени мұраға бай ел. 

Ұлы даламыздан шыққан көшпенділер өз дәуірлерінің геосаясатына зор ықпал еткен. Германия, Франция, Солтүстік Италия жерін жаулап алған олар Еуропадағы өркениеттің дамуына үлкен әсер еткен. Бұл туралы Азияны зерттеу институтының директоры Аксель Гуталс мәлімдеді. Ол Брюссельдегі тілшімізге сұхбат беріп, Президентіміздің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына өз пікірін білдірді. Қазақстан Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Елбасы мақаласында айтқандай, алғаш болып жылқы малын қолға үйреткен көшпенділер салт аттылар мәдениетінің негізін қалаған. Бұл сол кезде адамзаттың дамуына үлкен серпін берген еді. «Жылқыны тек әскери мақсатта ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығында пайдалануға жол ашқан», – дейді ғалым. 

Аксель Гуталс, Азияны зерттеу институтының директоры:

 - Жылқы малы қазіргі Қазақстанның аумағы – Ұлы дала жерінде қолға үйретілген ғой. Қазақ даласындағы археологиялық қазбаларға қарап минералдар мен металл өңдеу ісі аймақта ежелден дамыған кәсіп болғанын түсінуге болады. Сондықтан сол дәуірдегі өркениеттің дамуына негіз болған көптеген инновациялар Қазақстанда қаланған деп ұғамыз. Президент Назарбаевтың мақалаға арқау болған жобалары тарихқа үңілуге мүмкіндік береді. Ғұндар мен өзге де көшпенділер Еуропа елдерін жаулап алғанда, салт аттылар мәдениетінің жетістіктеріне үйретіп, металл өңдеуді кеңінен ендірген. Осы істерінің игілігін бізге де білу қызық болады, себебі Еуропада ғұндардың шапқыншылығын үнемі теріс жағынан зерттейтін. Скандинавия викингтері жөнінде де осындай көзқарас қалыптасқан. Ғұндар мен викингтердің ұқсас тұстары бар. Олар еуропалықтардың тұрмысына көптеген пайдалы инновациялар ендірген болатын.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...