Жас жұбайлар «Қайраттың» ойынын көру үшін тойды тоқтатқан (ВИДЕО)

Видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
663

Әлеуметтік желіде қонақтар тойда экраннан көз алмай, “Қайрат” – “Селтик” матчының пенальти сериясын тамашалаған сәт бейнеленген видео тез тарады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде алматылық клубтың тағдырын шешкен шешуші соққылар кезінде мерекелік шара тоқтап қалған.

Үйлену тойындағы мереке нағыз футбол тойына айналды: қуаныштан шыққан айқайлар, қол соғулар мен ұлттық билер қазақстандық футбол тарихындағы ұлы сәттің эмоцияларымен астасып кетті.

Кештің басты кейіпкері ұлттық құраманың қақпашысы Темірлан Анарбеков болды. Ол қарсыластардың үш бірдей соққысын қайтарып, “Қайратқа” тарихи жеңіс сыйлады — пенальтиде 3:2. Өз сенімділігін алматылық ойыншылар да көрсетті: қатарынан Александр Мартынович (Беларусь), Офри Арад (Израиль) және Егор Сорокин (Ресей) дәл соққыларын орындады.

Бұл жеңіс “Қайратқа” тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуға мүмкіндік берді. Бұған дейін мұндай нәтижеге қазақстандық клубтар арасынан тек “Астана” 2015/16 жылғы маусымда қол жеткізген болатын.

Еске сала кетейік, 26 тамызда алматылық “Қайрат” шотландиялық “Селтикті” сенсациялық түрде жеңді.