20:00-ге дейін қазақстандықтардың 77,4 пайызы дауыс берген

САЯСАТ
2645

Қазақстан сайлаушыларының 77,4 пайызы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының мүшесі Ләззат Сүлеймен айтты, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" тілшісі.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта еліміздің  барлық аймақтарындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталып, сайлау комиссияларының мүшелері дауыстарды санауға кірісті. Сайлау біткеннен кейін 12 сағаттың ішінде дауыстарды санап бітуі тиіс.

Сағат 20.00-ге сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2019 жылғы 9 маусым сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 77 % сайлау бюллетеньдерін алды.

Олардың ішінде:

Ақмола облысы бойынша –83%

Ақтөбе облысы бойынша – 84,6 %

Алматы облысы бойынша – 89 %

Атырау облысы бойынша – 71,2 %

Шығыс Қазақстан облысы бойынша –84,5%

Жамбыл облысы бойынша –81,3%

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 66,2 %

Қарағанды облысы бойынша – 77,1%

Қостанай облысы бойынша –84%

Қызылорда облысы бойынша – 77,6%

Маңғыстау облысы бойынша –68,3%

Павлодар облысы бойынша –79,5%

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –79,8%

Түркістан облысы бойынша –84,8%

Алматы қаласы бойынша –52,2%

Шымкент қаласы бойынша –67,1%

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша –68,3%

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...