Дәрігерді мойнынан қылғындырған: Ақтаудағы ауруханада жанжал шықты

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
161

Ақтауда облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде ер адам дәрігерге шабуыл жасап, оны мойнынан қылғындырған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Аурухана қызметкерлерінің айтуынша, балалар хирургі науқасты тексеріп, ауруханаға жатқызуға негіз жоқ екенін әкесіне түсіндірген. Алайда ер адам кенеттен үстелді теуіп, дәрігерге тап берген. Оны бірнеше адам әрең ажыратқан.

Оқиға орнына полиция шақырылды. Дәрігер келесі күні жұмысына қайта кіріскен.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, Қазақстанда қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкеріне күш қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстың ауырлығына қарай кінәлі адам 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Шоу-бизнес

Танымал әнші Айдана Меденова босану кезінде басынан өткен қиын сәттерді еске алды. Өнер иесі бұл т...

Шоу-бизнес

Танымал актер Бекжан Тұрыстың ұлы Мағжан Тұрыс шаңырақ көтерді. Жас жұбайлардың үйлену тойы ерекше ф...