Ташкентке барған қазақстандық 15 футболшы уланып қалды

Фото: видеодан скришот

СПОРТ
122

Қарағандыдан Ташкентке футбол жарысына барған 11 бала жаппай ауырып, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Ата-аналарының айтуынша, балалардың жағдайы қонақүйде таңғы ас ішкеннен кейін нашарлаған. Қазір ата-аналар балалардың денсаулығына алаңдауда, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қазақстандық балалардың жағдайы туралы желіде жазды. Айтуынша, қазір 11 бала да тамырға дәрі алып жатыр. 

“Қазақстан, бейжай қалмайық! Ташкентте Қарағандыдан жарысқа барған жас футболшылар ауырып қалды. Ата-аналарының айтуынша, қонақүйде таңғы ас ішкеннен кейін 11 баланың іші ауырып, дене қызуы көтерілген. Ата-аналар балаларының денсаулығына алаңдап, көмек пен ресми түсініктеме күтуде. Балалардың ауырып қалуына не себеп болды? Бұған қонақүйдегі тамақтың қатысы бар ма? Қазір балаларды емдеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданып жатыр? Бұл – біздің балаларымыз. Олар Қазақстанның намысын қорғап, ел атынан жарысқа қатысу үшін барған. Ал қазір өздері біздің қолдауымызға мұқтаж”, – деп жазды ол. 

Ол өзге елге барып осындай жағдайға тап болған балалардың ата-аналарын жалғыз қалдырмау керек екенін айтып, тиісті органдардан көмек сұрады. 

“Олардың ол жақтан қалай қайтатыны да белгісіз. Балалардың қызуы көтеріліп, құсып, іші өтіп жатыр. Бұл – нағыз сұмдық”, – деп қосты ол.

Ташкенттегі дәрігер балалардың алдын ала диагнозын улану деп растаған. Алайда зертханалық талдау әлі жүргізілмегендіктен, аурудың нақты себебі белгісіз. 

Қазақстан СІМ барлық көмекке мұқтаж азаматтар ауруханаға жатқызылып, қажетті медициналық көмек алып жатқанын хабарлады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық ұлан сарбаздары қолбасшылыққа анонимді түрде өтініш жолдай алады. Бұл үшін QR-кодты сканерлеп...

СПОРТ

Астанада өткен күрестен 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталды. Өз жерінде бақ сынаған Қазақстан құрама...