ОСК БАҚ пен блогерлерге талап қойды

САЯСАТ
888

Блогерлер барлық кандидаттарды бірдей насихаттауы тиіс. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткерлер жайлы ғаламторда жазба жариялаудың тәртібін түсіндірді. Ондағылардың айтуынша, әлеуметтік желі бұқаралық ақпарат құралы болып саналатындықтан, кез-келген пайдаланушы оған жазғанда барлық кандидатқа теңдей көңіл бөлуі керек.

«Кез келген БАҚ кандидаттарға бірдей мүмкіндік беруге міндетті. Әлеуметтік желілер де бұқаралық ақпарат құралы болғандықтан, ондағы блогерлер барлық үміткерлер жайлы жазуы керек. Яғни бір үміткерді қолдап, екіншісін назардан тыс қалдыруға болмайды», – дейді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина.

Дегенмен, елімізде блогер дегеннің нақты кім екені заң жүзінде реттелмеген. Сондықтан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіндегілер әзірге әлеуметтік желіні пайдаланушылардың барлығы блогер деп есептелетінін айтып отыр. Ал олардың кандидаттар жайлы жазған жазбасы қалай қадағаланатыны белгісіз. Сондай-ақ, бүгін Орталық сайлау комиссиясы саяси доданың әділ өтуін қадағалайтын тағы 22 шетелдік бақылаушыны тіркеді. Олар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы секілді халықаралық ұйымдардың мүшелері. Сөйтіп, тіркелген бақылаушылардың жалпы саны 67-ге жетті. Ал президенттікке кандидат 7 азамат өңір-өңірді аралап, сайлауалды бағдарламаларын насихаттап жүр.

Дереккөз: «КТК» телеарнасы

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...