14-наурыз. Жылдың әдепкі 365 күнінің бірі. Кезегімен жылжып келеді, сырғып өтеді. Бірақ, 14-наурызды...
Торт шырағын үрлеп өшіруге болмайды!
Қазақтың туған күндері мен тойларында еуропаша дәу торт әкелу, оны жарықты сөндіріп, отшашумен бұрқылдатып кіргізу дәстүрімізге еніп барады. Және ең бір сұмдығы сол тортқа бектілген шырақтарды қуаныш иесіне, сәбилерге үрлетіп өшіргізеді. Бұл қазақы ұғым-түсініктерге, салт-дәстүрімізге жат.
Қазақ халқы отты өшіруді емес, керісінше оттың лаулағанын тәуір көреді. Сондықтан да қазақта жаңа түскен келінге «отқа май құйғызады», «отқа шақырады», "түтіні түзу шықсын" дейді. Біреуге ренжіп қарғағанда «шырағың өшсін» деп жатады. Сондықтан ағайын-туыстың қуанышында, әсіресе, кішкентай балалардың туған күндерінде торттағы шырақтарды үрлеп өшірткізуден аулақ болыңыздар. Бұл дәстүрімізді былғау, жамандыққа бастау. Балаларымыздың өмір шырағы жана берсін! Ең дұрысы - тортқа шырақ қоймау.