Францияда Роза Бағланованың 100 жылдығына орай концерт өтеді

МУЗЫКА
5407

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 4 қазанда Париж қаласындағы (Франция) ЮНЕСКО Штаб-пәтерінде КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланованың 100 жылдығына орай  Қазақстанның өнер шеберлерінің концерті өтеді.

Биылғы жыл қазақтың бұлбұл әншісі, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толып отыр. Қайталанбас ғажап дауыс иесі, ұлы әнші, қазақ ән әлемінің падишасының өнері мен өмірі, мол мұрасы болашақ ұрпаққа үлгі.

Роза Тәжібайқызы қазақтың ән өнерін дамытуға айрықша ауқымды үлес қосты. Оның репертуарында қазақтың халық әндері, қазіргі композиторлардың шығармалары, әлем халықтарының – орыс, өзбек, тәжік, украин, грузин, әзірбайжан, қырғыз, корей, поляк, венгер, қытай, моңғол, үнді халықтарының әндері үйлесімді көрініс тапты.

Өткен жылы 24 қарашада ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізімі қабылданып, оған Қазақстанның ұсынысымен Роза Бағланованың 100 жылдығы енді. Осылайша, Қазақстанның аңыз тұлғаларының бірі Роза Бағланованың мерейтойлары ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп отыр.

Париж қаласының сахнасында Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы аясында Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ренат Гайсин, Жұбаныш Жексенұлы, Медет Шотабаев, халықаралық конкурстардың лауреаттары Бауыржан Әндержанов, Нұрия Кәрімбаева, Бауыржан Ақтаев, Мәди Сыздықов, Бауыржан Ретбаев, Динара Қайырова, Индира Еділбаева, Ерке Есмахан, Республикалық конкурстардың лауреаттары Саулежан Тағзия, Наргиз Қасымова, Мөлдір Коисова, «Сұлу» тобы, сондай-ақ «Сазген сазы» фальклорлық - этнографиялық ансамблі өз өнерлерін көрсетеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбияда бортында 15 адам болған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, олардың арасында конгрессмен Дио...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте тағы бір әйел пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шымкент қалас...