«Қалауым live» экс-қатысушылары жоба туралы бар шындықты жайып салды

Жаңалықтар
3362

Атышулы "Қалауым live" бағдарламасының бұрынғы қатысушылары жоба туралы осы күнге дейін ешкімге тіс жармай келген шындықты ашты. Махаббатын іздеп келгендей кейіп танытқан жастар сценарий бойынша өзіне берілген рөлді сомдаған болып шықты. Олар тіпті, бұл ойыны үшін айына қанша қаржы алып отырғандарын да жайып салды. Ал бүгінде жобадан бірге қуылған қыз-жігіттер екі қабатты зәулім үйде бірге тұрып жатыр, деп хабарлайды "Мәдениет порталы"  Youtube желісіндегі "Ойбай show" бағдарламасына сілтеме жасап.Фото: видеодан кадр.

Атышулы жобаның экс-қатысушылары өздерін бағдарламадан ешкім қуып шықпағанын айтты. Керісінше, олар өз еркімен кетуді ұйғарған екен.

Сонымен қатар, қыз-жігіттер тікелей эфирдегі ұрыс-керіс пен төбелестің барлығы алдын ала сценарий бойынша жасалатынын жайып салды.

"Бізді ешкім қуып шыққан жоқ. Біз өзіміз кетіп қалдық. Оның басты себебі, шеф-редактордың шығуы. Мен өзім сценариймен жұмыс істейтін адам емеспін. Ол кісі барда өзімді еркін сезініп жүрдім. Ал басқа редактор келгенде мен сценариймен жұмыс істегім келмеді" , - деді Әділет есімді қатысушы.

Жастар аталмыш жобадағы образдары шынайы өмірмен сай келмейтінін ашық жеткізді.

"Жөні жоқ ашулана беретін қызды ойнадым. Өмірге өкпелі ару болдым" , - деді қатысушы қыздардың бірі.

Оған қоса, атышулы жобадан бірге кетіп қалған қыз-жігіттер өздері сомдаған рөлдері үшін тұрақты айлық алып тұрғанын жасырмады.

"Барлығымыз подписчикке қарық болдық. Хайптың түр-түрін жасадық. Бірақ, сол уақытта көп нәрсені ұқтық. Ал енді қаражат құны болса, күніге 6250 теңге алып тұрдық. 30 күнге 125 мың теңге алатынбыз" , - деді олар.

Сонымен қатар, бағдарламаның экс-қатысушылары бүгінде екі қабатты зәулім үйде бірге тұрып жатқандарын жеткізді. Жоба жүргізушісі олардың баспаналарының тым лас екенін айтып, барлығына үй жинатып қойды.


Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...